Жол ережесін бұзған әйел жүргізуші екі жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жол ережесін бұзған әйел жүргізуші екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Павлодар облысының Ертіс аудандық соты соңы адам өліміне алып келген жолда жүру ережесін бұзу фактісі бойынша істі қарады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс материалдарындағы мәліметтер бойынша, істі болған азамат «Volkswagen Passat» маркілі көлігімен «Ленинский»-«Руская Поляна» автожолының бойында келе жатып, жолда жүру ережесін бұзып, көлікті басқара алмай жолдан шығып кетеді. Осы оқиғаның салдарынан оның 1998 жылы туған баласы ауыр дене жарақаттарын алып, ауруханаға жетпестен көз жұмады.

Қылмыстық іс Ертіс аудандық прокуроры мен заң бұзған азамат арасында келісім өндірісі бойынша сондай-ақ адвокаттың қатысуымен қозғалды. Заң бұзушы кінәсін мойындады.

Сот үкімімен көлік жүргізген әйел ҚК 345 бабының 3-ші тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл көлік басқаруға тыйым салынып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Сот үкімі әзірге күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар