Токиода метроға улы газ шашты деген күдікпен 36 жастағы әйел ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Токио полициясы Такаданобаба метро станциясында көзден жас ағызатын газ шашты деген күдікпен әйелді тұтқынға алды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Еске сала кетейік, Токио метросындағы улы иістен тоғыз адам зардап шеккен болатын.

28 қыркүйек күні кешкі уақытта станциядағы жолаушылар полицияға қошқыл иіс тарап жатқаны туралы хабарлап, оқиға орнынан тоғыз адам ауруханаға жеткізілген еді.

Бақылау бейнекамералары және куәгерлердің түсініктемесі арқылы оқиғаның себепкері 36 жастағы Юмико Цукакоси екенін анықталды. Ол 32 жастағы ер адамның артында тұрып, жас ағызатын газ шашқан.

Мамандығы анықталмаған күдікті Нэрима ауданында тұрады.

Соңғы жаңалықтар