Шымкентте жалған ақша жасады деген күдікпен Нигерияның екі азаматы ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте жалған доллар шығарумен айналысты деген күдікпен Нигерияның екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды TVK.

Тергеу мәліметтері бойынша, Астанадан аттанған 39 жастағы Нвоке Экендеричукву мен 30 жастағы Оба Жозефат қыркүйек айының ортасында ағылшын тілінің ұстазы ретінде Шымкентке барып, пәтер жалдап тұрған.  Алайда олар пәтерді жалған АҚШ долларын басып шығаратын шағын фабрикаға айналдырып жіберген. Ақшаны жасау жолдары тергеу мәліметтерінде келтірілген, алайда оны жариялауға болмайды.

Пәтерді тінту барысында құқық қорғаушылар тек 2 дана жүз долларлық купюраны тапты, алайда олар одан бөлек 16 200 доллар жасап үлгерген деген күдік бар.

Оқиғаға байланысты ҚР ҚК-ның 231-бабы 1-тармағы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар