Сенатқа Индонезияның парламенттік делегациясы келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Астанаға Индонезия Республикасы Халықтық консультативтік конгресінің (жоғары заң шығару органы) депутаты Бамбанг Садоно бастап келген парламенттік делегациямен кездесті.

Кездесуді аша келіп, С.Ақылбай Индонезия біздің еліміздің маңызды саяси және экономикалық әріптесі болып табылатынын атап өтті. Сенатор меймандарды Қазақстанның саяси жүйесіндегі парламенттің рөлі туралы хабардар етті. Меймандардың өтініші бойынша жоғарғы Палатаның депутаттары біздің еліміздегі конституциялық құрылыстың ерекшеліктері, билік тармақтарының өзара іс-қимылы, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша қабылданған «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің негізгі ережелері мен құндылықтары туралы әңгімеледі.

Кездесуге қатысушлар біздің мемлекеттеріміз арасындағы бұдан былайғы парламентаралық ынтымақтастықтың келешегіне жоғары баға берді.

Жүздесуге Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері Людмила Полторабатько, Владимир Бобров, Манап Көбенов, Марат Тағымов және Рашид Түсіпбеков қатысты.

сенат1 сенат3 сенат2 сенат5 сенат4  

Соңғы жаңалықтар