Рудныйда бұрылмақшы болған автобус зейнеткерді басып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жол көлік оқиғасы 19 қазанда қалалық автостанция маңында орын алды. Бұл ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады, деп хабарлады alau.kz.

Автобус соңғы аялдамаға тоқтады. Жүргізуші жолаушылардың барлығын шығарған соң, бұрыла бастады.

Ол зейнеткерді байқамай қалып, маневр кезінде оны басып кетті. Әйел дөңгелектің астына құлады.

Бір жағымен бұрылған автобус егде әйелді қағып, ол дөңгелек астына құлады. Жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Алайда, зейнеткерді аман алып қалу мүмкін болмады.

Аталмыш факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар