ОҚО-да тәрбие ісі жөніндегі педагогтар бас қосты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында «Мектеп - жарқын болашақтың айнасы, шәкірт - келешектің тұтқасы» тақырыбында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық әдістемелік семинары өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ағартушының атындағы орта мектепте Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына орай «Мектеп - жарқын болашақтың айнасы, шәкірт - келешектің тұтқасы» тақырыбында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық әдістемелік семинары өтті.

Семинардың мақсаты ұлы ағартушы - Ы.Алтынсариннің 175 жылдығы, ұлылар ұлағатын үлгі еткен, білікті ұстаздар мен білімді оқушылар Ыбырай әлемін асқақтатып, шығармаларын талдап, өлеңдерін оқуға және тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында тарихи білімдерін толықтыруға, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға негізделген. Семинар мақсатына сәйкес бағдарлама түзіліп, «Еркіндігім-елдігім, Тәуелсіздік-теңдігім», «Кел, балалар оқылық!», «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!», «Балалар - әдебиетінің атасы» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізіліп, сабақтар барысында Ы.Алтынсариннің өмір жолына шолу жасалып, шығармалары мен аудармаларынан көріністер көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мәнін тереңірек ашып көрсету мақсатында «Тәуелсіздік-тұғырым» атты бейнеоролик көрсетілді. Семинар соңы «Мұғалім ісі- тарихтағы ең ұлы істің бірі» атты мерекелік іс-шараға ұласты.

Соңғы жаңалықтар