«Лента.ру» Назарбаеваның есімі пайдаланылған жалған жарнамаға қатысы жоқтығын мәлімдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Лента.ру» редакциясы Қазақстан Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның есімі пайдаланылған жалған жарнамаға еш қатысы жоқтығын мәлім етті.

Агенттік аталмыш жағдайға түсіністікпен қараған Дариға Назарбаеваға алғысын білдіреді. «Лента.ру» Қазақстан мен Ресейдің құзырлы органдарымен бірлесе аталған жағдайға тексеріс жүргізуге және кінәлілерді тергеуге тартуға әзір.

«Лента. ру» беделді интернет-ресурс, олар тексерілмеген мұндай ақпараттарды өз сайттарына орналастырады деп ойламаймын», - деп атап өткен болатын бұған дейін Дариға Назарбаева интернетте өзінің есімі пайдаланылған жалған жарнамаға қатысты «ҚазАқпаратқа» берген сұхбатында.

Еске салайық, аталмыш ресейлік порталда Назарбаеваның электр энергиясын үнемдейтін құралды жарнамалауға қатысты жалған сұхбаты орналастырылған болатын. Шын мәнінде депутаттың бұл құралдың жарнамасына еш қатысы жоқ болып шықты.

Жарнамада «Лента.ру»-дың логотипі және сайттың графикалық безендірілуі пайдаланылған. Дариға Назарбаева адам есімінің және суретінің пайдаланылуын реттейтін нормаларды қайта қарап шығуға үндеді. 

Соңғы жаңалықтар