Көкшетау тұрғыны анасының медалін бір шөлмек араққа айырбастап жіберген

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау тұрғыны анасының медалін бір шөлмек араққа таныстарына айырбастап жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 20  қазанында Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне облыс орталығының 76 жастағы тұрғыны хабарласты. Зейнеткердің айтуынша, үйіндегі сандықтың ішінде жатқан «Еңбек ардагері» медалі із-түзсіз жоғалып кеткен. Қарияға келтіріген шығын көлемі 20 мың теңгені құраған.

Жедел іздестіру шарасы барысында  аталған медальді зардап шегушінің 44 жастағы ұлы ұрлағаны анықталды. Күдіктінің түсініктемесіне қарағанда, ол анасының медалін ағымдағы жылдың шілде айында ұрлап, бір шөлмек араққа таныстарына айырбастап  жіберген», - деп көрсетілген хабарламада. 

Қазіргі кезде, полицейлер күдіктінің үстінен ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша (ұрлық) қылмыстық іс қозғады, сондай-ақ, ұрланған затты заңды иесіне қайтару үшін іздестіру шараларын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар