Қазақстандық инженер Forbes рейтингіне енді
Назим Палташев Қазақстанда туып-өскен, біраз уақыт Санкт-Петерборда тұрған және әкесінің жұмысына байланысты Америкаға көшіп кеткен. Палташевтың негізгі мамандығы - инженер, бірақ ол өзін сән индустриясынан тапты.
«Өз бизнесімді құрғым келген сән саласында да инженер мамандығым көмегін тигізіп жатыр. Мен тек қана джинсымен айналысуды шештім, себебі бұл - Кремний алқабындағы ең танымал киім. Менің бүкіл өмірім көшіп-қонумен өтті, отбасым халқымыздың тілі мен мәдениетін және отанға деген махаббатты сақтап қалғысы келді. Мен Қазақстандағы жылжымайтын мүлкімді сатып, өз қаражатыма бизнес аштым», - деді инженер.
Палташевтың айтуынша, қазір штатта 10 адам жұмыс істейді, олардың арасында дизайнерлер, технологтар, істі ілгері жылжытумен айналысатын директорлар бар. Команда кішігірім болғанымен, өте тәжірибелі. Сондай-ақ, брендті дамытуға қосалқы мердігерлер де өз үлесін қосуда. Әрбір қызметкер штатқа қабылданарда компанияның бір үлесін алады, сонымен бірге оларға ай сайын жалақы төленіп отырады, тіпті арнайы ынталандыру бағдарламасы да бар.