Қазақстан ШЫҰ-мен бірге ЭКСПО-2017 көрмесіне павильон жасайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ШЫҰ павильонының басқарушы компаниясымен аталған ұйымның ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильонының контенттік бөлігін қалыптастыру міндеттерін шешу бойынша бірлескен әрекеттер қабылдау туралы келісті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Меморандумның мәні әріптестік қарым-қатынас орнату және тараптардың ұзақ мерзімді, тиімді және өзара пайдалы әріптестігін дамыту болып табылады.

Меморандум шеңберінде тараптар ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ШЫҰ павильонының контенттік бөлігін қалыптастыру, ЭКСПО-ға дейін және оның кезеңінде тақырыптық іс-шараларды бірлесіп өткізу, соның ішінде 2017 жылғы 5-15 маусым аралығындағы кезеңде Астана қаласында өтетін ШЫҰ аптасы шеңберіндегі басқа да іс-шараларды ұйымдастыру бойынша міндеттерді шешуде бірлескен әрекеттер қабылдау туралы келісті.

«Біз осы ынтымақтастық шеңберінде негізгі міндеті жасыл экономиканы іске асыру және елдер арасындағы «жасыл» технологиялар трансферті болып табылатын Мемлекет басшымыз ұсынған біздің бірегей бағдарламамызды ілгері жылжыта алатынымызға қуаныштымыз», - деді «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ басқармасының төрағасы Салтанат Рахымбекова.

Жоспарланып отырған іс-шаралар ШЫҰ елдерінің және барлық әлемнің инновациялық әлеуетін көрсетеді, ШЫҰ мен ЭКСПО-ны біртұтас етеді, ШЫҰ мемлекет басшыларының саммитін және ЭКСПО-2017 көрмесін сәтті өткізуге ықпал етеді.

«ШЫҰ-ның алдағы ЭСКПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыптары мен міндеттерін шешуге қосатын үлесі орасан зор. Қытайдың көптеген технопарктері осы көрмеге қатысуға қызығушылық танытып отыр. Бұл жақсы ақпарат және технология алмасу болады. Көрме тақырыптары 2025 жылға дейін қабылданған ШЫҰ стратегиялық бағыттарымен жақсы қабысқан. Бұл тұрақты даму мақсатында табиғатты қорғау аумақтары, жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі саласындағы ынтымақтастық сияқты тақырыптар. Біздің компания ЭКСПО-2017 ШЫҰ павильонының ресми әріптесі болып табылады, қазіргі уақытта  біз ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дейін, оның кезеңінде және одан кейін бірлескен іс-шараларымыздың құрылымын жасаймыз», - деп атап өтті «New Euro-Asia Group» холдингінің (ҚХР) бас директоры Сунь Ли.

«New Euro-Asia Group» холдингінің компаниялар тобы бастамашылардың бірі және ШЫҰ елдерінің мәдени-экономикалық өзара іс-қимылы тұғырнамасын басқарушы болып табылатынын айта кеткен жөн.

Соңғы жаңалықтар