Қарағандыда оқушылардың селфиге тәуелділігі зерттелді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда педагог-психолог оқушылармен бірге селфидің адамға әсерін зерттеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Тақырып өте өзекті. Оны балалардың өздері ұсынды. Қазір адамдар жас ерекшелігіне қарамастан, өздерін суретке түсіргенді ұнататынын көріп жүрсіздер ғой. Оқушылармен бірге «Селфидің жасөспірімнің тұлғасына әсері» тақырыбында ғылыми-зерттеу жобасын орындадық. Қалалық деңгейде ол - бірінші, облыс бойынша үшінші орынды иеленді», - деп айтып берді Қарағандыдағы № 30 орта мектептің педагог-психологы Екатерина Ганина.

Оның айтуынша, зерттеу сауалнамасына аталмыш мектептің 7-11 сынып аралығындағы 100-ге жуық оқушысы қатысты.

«Алдымен, кім күніне қанша рет, қай қырынан селфи жасайтындығына қатысты сауалнама сұрақтарына жауап алынды. Яғни селфиге тәуелділіктің деңгейін анықтадық. Үш қыз тіпті, күніне өздерінің 40-қа жуық фотосын жасайтынын көрсетті. Ол бірнеше рет түсірілген бір кадр болуы да мүмкін», - деді ұстаз.

Онымен қоса, сынақ ретінде селфиге тәуелді жеткіншектердің биометриялық көрсеткіштері де өлшеніп алынған. «Анықталғандай, суретке түсу кезінде, әсіресе қыздардың қысымы жоғарылап, дене қызуы көтеріледі. Кейін кейбір қатысушылар өздеріне «селфиге соншалықты құмартудың қажеті бар ма, жоқ па деген» сұрақтар қоя бастады. Зерттеу қорытындысы бойынша, тәуелділіктен қалай арылуға болатындығына қатысты психологиялық ұсынымдар әзірленді», - деп нақтылады Е.Ганина.  

Соңғы жаңалықтар