Бауыржан Байбек бірінші болып Универсиада -2017 билетін сатып алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Универсиада билетін сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасай отырып.

Бүгін Алматыда Универсиаданың басталуына  100 күн қалуына орай алдағы халықаралық студенттер ойындарына билеттер сатылымға шыққаны хабарланды.

Қала әкімі Бауыржан Байбек ойын билеттерін Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайынан сатып алды.

Бүгіннен бастап алматылықтар Универсиада билеттерін   Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайының , Мемлекеттік цирк, Меломан желісінің кассаларынан сатып ала алады.Сондай-ақ, жақын уақытта билеттерді сату үшін Қазақстанның өзге де жетекші билет операторлары іске кіріседі. Билеттерді сатумен айналысатын ресми веб-порталдар: almaty2017.com">almaty2017.com , fisuticket.com">fisuticket.com және kassir.kz">kassir.kz .
2017 жылғы Универсиаданың ресми билет операторы болып KASSIR.KZ танылды.
«Бүгінгі таңда келесі мына спорт түрлері бойынша билеттер сатылымға түсті: тау шаңғысы, биатлон, шаңғы сайысы, шаңғы қоссайысы, сноуборд, фристайл, керлинг, шорт-трек, хоккей (әйелдер), хоккей (ерлер), трамплиннен секіру, конькимен жүгіру. Жарыс кестесімен ойындардың ресми сайты www.almaty2017.com">almaty2017.com арқылы таныса аласыз», деп хабарлады ұйымдастыру комитетінен.

Айта кету керек, сайыстардағы билеттердің бағасы 300 теңгеден, 3500 теңгеге дейін. Ал, Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаттары 3000 және 15000 теңге аралығында.
Универсиада секілді осындай бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу «5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жоспарланған. 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 88-қадамын жүзеге асыру аясында аталған шараны өткізу Жалпыға бірдей еңбек Қоғамы идеясын насихаттауға бағытталған. Осылайша, Универсиада-2017 шарасына қатысатын және жоғары нәтиже көрсететін қазақстандық спортшылар, өз табыстарымен елімізді спорттағы жаңа халықаралық деңгейге алып шығады.

Еске сала кетсек, 2016 жылы 17 ақпанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2017 ойындарына дайындық және Алматы қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Универсиаданың Қазақстан үшін үлкен экономикалық пайда әкелетін маңызды имидждік жоба екенін атап өтті және Үкіметке, ұйымдастыру комитетіне және қала әкімдігіне аталған іс-шараға дайындалу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар