Бауыржан Байбек Алматыны Дубайға теңеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеген кезде Алматыны Дубаймен салыстырды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Алматы - өңірлік магнит, мұны жан басына шаққандағы табыс, сауда, құрылыс, қызметтер, сервис, банк, сақтандыру қызметтері сияқты көптеген параметрлер бойынша айтуға толық құқымыз бар. Алматы - өңірлік Дубай. Ол солай болып қалыптасты», - деді Бауыржан Байбек.

Әкім экономика адам капиталынан қалыптасатынын атап өтті. Оның айтуынша, қазір 86 пайызы сауда мен қызмет болатын жергілікті экономика құрылымын есепке алып жұмыссыздарды төмендету бойынша арнайы бағдарлама әзірленуде.

Бағдарлама жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған қалалықтарды туристік сала мен жаңа тауашадағы сервистерге сұранысқа ие мамандықтарға оқытуға бағытталған.

«Бүгін «Даму» қорымен біз туризм, инновация және тағам өнеркәсібі саласындағы ШОБ қолдаудың өңірлік бағдарламасын іске асыру бойынша меморандумға қол қоямыз. Осы бағдарлама аясында біз «Стартап Алматы» бағдарламасын іске асыруды бастайтынымызды хабарлаймыз. Онда бөлінген қаражаттың кем дегенде 25 пайызы «стартаптарды» қаржыландыруға бағытталған», - деді Байбек.

Соңғы жаңалықтар