Атырау облысы инвестиция тартудан рекорд жаңартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысына 205 миллиард теңге инвестиция тартылады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл туралы бүгін Атырауда өткен «Atyrau  Invest-2016»  III Халықаралық инвестициялық форумы кезінде белгілі болды. Шара аясында жергілікті және шетелдік инвесторлар арасында бірқатар Меморандумдарға қол қойылды. Долларға шаққанда жоспарланып отырған инвестиция көлемі 609,2 миллион АҚШ долларын құрайды.

Нақтырақ айтқанда, Атырау облысы әкімдігі мен франциялық «Issmat  investment & finance» компаниясы бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ. Бұлар: Индер ауданында гибридті күн электростанциясын, бизнес-орталық, қалдықтарды өңдейтін зауыт салу жобалары. Аталған жобаларға 228 миллион АҚШ доллары мен 30 миллион еуро көлемінде ақша құйылады.

Айта кетелік, 2013 жылы осы форумның нәтижесінде 50 миллиард, 2015 жылы 19 миллиард теңгеге келісімшарт жасалған. Биылғы форумда облыс ел тәуелсіздік алғалы бері тартылған инвестиция көлемі бойынша өз рекордын жаңартайын деп отыр.  

Соңғы жаңалықтар