Араб шейхтары бір дуадақ атса Қазақстанға 500 мың теңге төлейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі дуадақ аулауға рұқсат беретін Үкімет қаулысын егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметі  хабарлағандай, биыл Қазақстанда 174 дара дуадақ аулауға рұқсат етілген. Және де құстарды аулау үшін Біріккен Араб Әмірліктері мен Катардың тек жекелеген тұлғаларына ғана рұқсат беріледі екен. Аңшылық кезінде атылған бір дуадақтың құны  260 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни 551 460 теңге.

Жалпы, Парсы шығанағындағы елдер Қазақстанда дуадақ аулауға рұқсат алу үшін елімізбен мынандай келісім жасауға шақырған. Араб елдерінің бірінші тұлғаларымен ұзақ уақыт ынтымақтастық орната отырып, дуадаққа құс салып аулайтын дәстүрлі жалғастыру үшін, олардың санын көбейтіп, қорғауға қаржы бөлейік деген бастама көтеріпті.

«Осы келісім аясында араб инвестициясының есебінен Оңтүстік Қазақстан облысында жасанды жолмен дуадақ санын көбейтетін орталық салынып, жұмыс істеп тұр. Сол орталықта көбейген дуадақ кейін Қазақстан даласына жіберіледі. Жыл сайын осы орталықтан бес мыңға тарта дара дуадақ ен далаға ұшырылған. Араб тарапы Қазақстан алдындағы өз міндетін орындау үшін 2009-2016 жылдар аралығында Қазақстанның табиғатына 7 555 дуадақ құс ұшырған. Яғни, араб тарабы бұл құс түрін көбейтіп, Қазақстан аумағына шығарады, ал, Қазақстан Үкіметі оларды аулауға рұқсат етеді. Бірақ, аулауға болатын құстардың санын өте аз мөлшерде белгілейді», -деп түсіндірді АШМ-ның баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 9 500-ге тарта дуадақ бар.

Соңғы жаңалықтар