Алматыда аса ірі көлемде қаржы жымқырған 20 шақты хакер сотталып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында №2 Бостандық аудандық сотында киберқылмыскерлердің ұйымдасқан тобына қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20 адам сотталып жатыр. 16-сына қатысты қамауға алу шарасы қолданылды. Төртеуі кепілдік төлеген. Қорғаушылардың бірі сот отырысын кейінге шегеруді сұрады. Нәтижесінде сот отырысы 26 қазанға шегерілді.

Сотта  Дастаров куәгерлерді, тергеушілерді және тергеу амалдарын өткізгенде қатысқан куәгерлерді шақыруды сұрады. Бұл өтініші мақұлданды.

Тергеу нұсқасы бойынша, Омаров пен Дастаров вирусы бар хаттарды Бас  прокуратура, Салық комитеті, Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кіріс комитеті және 1С бухгалтерия бағдарламасына қолдау көрсету қызметтерінің атынан кәсіпорындардың  электрондық пошталарына жолдаған. Келген хатты алушылар көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, олардың компьютерлеріне қауіпті бағдарлама жүктелген.  Сол бағдарлама арқылы пайдаланушылардың  компьютеріне қол жеткізген хакерлер мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаражатын арнайы шоттарға аударған.

Олардың әрекетінен жеке кәсіпорындардың бірі жапа шекті. Оның басшысы Әсел есімді қыз оқиғаның қалай болғанын айтты.  

«Бізге мемлекеттік кіріс департаментінен хат келді. Оны бухгалтер ашты. Зиянды бағдарлама анықталып, біздің шоттан материалдық көмек ретінде ірі сома аударылды. Нақты соманы айта алмаймын, алайда бір миллионнан артық ақша болды.  Қаражат кәуап дайындаушы Станислав Дзюбатовтың шотына түсті. Ақшаны қайтару үшін прокуратура көмегіне жүгіндік», - деді қыз.

Кәсіпкер бұл ретте банктің ұстанымын түсінбегенін айтты.

«Бұрын бір шоттан екіншісіне аударылатын төлемдерді банк маманы растайтын. Маман бір гәп бар екенін түсінуі тиіс еді. Ол (кәсіпорын бухгалтері - автор түсініктемесі) ақша аудармады», - деді ол. 

Тергеу нұсқасы бойынша, топтың басшылары Алмаз Омаров пен Бауыржан Дастаров. Олар сегіз бапта қарастырылған қылмыс жасады деп айыпталып отыр. 

Соңғы жаңалықтар