500 мыңға жуық зейнетақы салымдарының иелері табылмай жатыр - БЖЗҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Астана қаласы бойынша 120 есеп-шоттың иесі табылды. Олардың жалпы зейнетақы салымдары 794 890 теңгені құрады. Ал, Қазақстан бойынша ондай адамдар мыңдап саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді, әу баста мемлекттік жинақтаушы зейнетақы қоры болды. Сол кезде көбісі келісімшартты жасамай, ай сайынғы жарнаны аудара берген. Артынан есеп-шотты ресми түрде ашқанда реквизиттер ауысып кеткен. Ал, бұрынғы есеп-шоттар жабылған жоқ. Ондағы ақша да, үстінен түскен инвестициялық табыс та - бәрі-бәрі сақталды. Міне, біз дәл осы салымдардың иелерін анықтап жатырмыз. Жалпы, қазіргі кезде республика бойынша 495 мың есеп-шоттың иелері белгісіз болып тұр», - деді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Астанадағы филиалының салымшылармен жұмыс бөлімінің маманы Бақытжан Құлышева «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.
Алайда, ол 500 мыңға жуық адамның есеп-шоттарында жатқан ақшаның көлемін айта алмады.

Маманның айтуынша, есеп-шоттың иесі қайтыс болған жағдайда қордың қызметкерлері оның мұрагерлерін тауып, ақшаны соларға аударады. Ол адамдар басқа мемлекетке көшіп кетсе де, сауал жолдап, сол елдің мемлекеттік органдары арқылы іздейді.

Айта кетейік, бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барып, ай сайын мәлімет алудың қажеті жоқ. Әрбір адам ғаламтор арқылы қордың ресми сайты арқылы өзіне керек ақпаратты ала алады.

Соңғы жаңалықтар